top of page

    «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»

 

Н.Ә. Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру»

мақаласынан үзінді

Шағын Отанымыздың ұмытылмас мұралары

   Екібастұз орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Павлодар облысының кітапханалары арасындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұсынған «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары аясында ауқымды жұмыстар жүргізе бастаған алғашқылардың бірі.

​    «Шағын Отанымызыдың ұмытылмас мұралары» атты әзірленген электрондық библиографиялық құрал Екібастұз қаласының және Екібастұз өңірінің қасиетті орындары ұғымын сіңіруге және тарихы мен мәдениетін таныстыруға бағытталған.

Электронды библиографиялық
әдістеме  туралы

    Егер қалаларға төлқұжаттар берілетін болса, онда құжаттық фотоларда мүсіндік туындылар бейнеленген болар еді. Мысалға: Астана қаласының «жеке» куәлігін ашқан бетте Бәйтеректі, Павлодардың төлқұжатына қараған уақытта мүмкін ақын С.Торайғыровтың ескерткішін көрер едік. Ал туған қаламыз Екібастұзды танып білетін сондай «визит карточкасы» бар ма?

        Қала ескерткіштері  – тарихтың бейнесі. 

       Тарихымызды жадымызда сақтауға монументтер мен ескерткіштердің алар орны зор екеніне ешкім шүбә келтірмес. Қаланың келбеті де осы ескерткіштерден құралған.

       Назарларыңызға ұсынылып отырған «Құнды жәдігерлер: Екібастұз ескерткіштері» атты жоба қала тарихының куәсі болуға шақырады.

     Бұл электронды құрал қаламыз бен өңірімізде орналасқан көне заманнан күні бүгінге дейінгі маңызды жетістіктерін еске түсіретін фактографиялық және суретті материалдарға қашықтан қатынасуға мүмкіндік береді.

         Қала ескерткіштері - бұл халықтың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.

        Ескерткіштер - қала мәдениетінің тарихы мен дамуы туралы ақпарат беретін қайнар көз. Сол себепті ұсынылып отырған жоба аясында ескерткіштер, мүсіндік құрылыстар және мемориалдық тақта туралы мәдени құндылықтарды қамтыған мәліметтер жинақталған.

Біз туралы

Сұрақтар бойынша келесі мекен жай бойынша хабарласа аласыз:

Павлодар обл., Екібастұз қ.,  М. Жүсіп к - сі, 51

Сайтымыз: lib-ekb.kz

e-mail: libr_ekb@mail.ru

Жоба үйлестірушілері: электронды ресурс кабинетінің библиографы Е.Г. Щебетун

ОҚК  нің қызмет көрсету бөлімінің библиографы М.Қ. Әлкен

 

bottom of page